Самоследова Кристина Викторовна - Жас Отан жастар қанатының төрайымының хатшысы, әрі білікті неміс тілінің маманы

Еңбек қызметің 1999 жылы Шахтинск қаласы №8ЖМ неміс тілі мұғалім болып бастады.   Мектеп қабырғасында 3 жыл жұмыс атқарғаннан кейін №1 жалпы мектепке осы қызметпен ауысады.

2008 жылы  тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары болып тағайындалды.2005 жылы Шахтинск қаласында «Видергебурт» неміс тілі орталығында неміс тілі мұғалімі болып қызмет атқарып, 2009 жылдан бастап осы күнге дейін басшысы болып қызмет атқарды. 2010 жылдан бастап Жас Отан жастар қанатының төрайымының хатшысы болып жұмыс істеуде.Сонымен қатар  2013 жылдан бастап Нұр Отан партиясының жемқорлыққа қарсы бойынша комиссия мүшесі.

Кристина Викторовнаның педагогикалық өтілі 18 жыл, жоғары санатты ұстаз.18 жыл аралығында өзін жауапты әрі жоғары дәрежедегі қызметкер ретінде көрсетті. Сонымен қатар Кристина Викторовна белсенді азаматтық ұстанымға ие, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі.

Кристина Викторовна кәсіби біліктіліктілігін ұдайы жетілдіріп отырады.  Германияда өткен  Халықаралық оқу семинариясына екі рет қатысып, степендия ұтып, неміс тілі мұғалімдері арасында тәжірбие алмасу бағдарламасы бойынша Германияға барды.  . Осы уақыт аралығында оның оқушылары республикалық, облыстық, қала деңгейінде байқауларда жүлделерге ие.

2013 жылы Қазақстан Республикасы педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру бағдарлама деңгейі аясында бірінші денгейдегі бағдарлама бойынша мұғалімдердің курсын аяқтады. Көкшетау қаласында «Эффективные стратегии продвижения общественных организаций» «Казахстана в сфере социальной политики государства» тақырыбы бойынша семинарға қатысты. Үш рет балалар мен жастар тіл лагерлерінің семинарына қатысап, нәтижесінде Шахтинск қаласының лагерлері мен алаңдар жұмысын басқарады. Бұл жұмысты өткізуге қаражат ұтып алып, жыл сайын республикалық облыстық лагерлердің  оқытушыларымен жұмыс істейді.

Қиын мінезді  балалар үшін   жобасының тренері мен ұйымдастырушысы. Облыстық неміс тілі орталығының нұсқаулығы бойынша Мәскеу қаласында «Организация и проведение молодёжных мероприятий крупных форм» тақырыбы бойынша семинарға жіберілді. Жемісті еңбектің нәтижесінде Қарағанды облысының әкімінің құрмет мадақтамасымен марапатталған.