Қуаныш Құлжикенов - зауыт қызметкері, такси жүргізушісі 

Қуаныш Құлжикенов бүгінгі күннің батыры. Ол жалғыз озі қарақшыны қолға түсірді.

Үй тонаушы қарақшыны қаймықпастан қолға түсірген павлодарлық такси жүргізушісі Қуаныш Құлжикеновтың арқасында жәбірленушілерге 4,5 млн. теңгенің мүлкі қайтарылды. Такси жүргізушісі Қуаныш Құлжикенов бейтаныс адамның мүлкін қорғаудағы ерлігі үшін облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы атынан марапатқа ие болды. Ол Павлодар қаласындағы тұрғын үйлердің біріне ұрлыққа түсіп, «олжалы» кетіп бара жатқан қарақшыны байқап қалып, ұстап алған. Кейін белгілі болғандай, үй иелерінің жоқтығын пайдаланған 28 жастағы ұрлықшы әшекей бұйымдарды, тұрмыстық техниканы, тондарды, ішімдік пен иіс суды алып кетпек болған. Ұрланған заттардың жалпы сомасы 4500000 теңге. Алайда заттарды тонап қашып бара жатқан ұрыны жолай өтіп бара жатқан такси шопыры қолға түсіріпті.

Қуаныш Құлжикенов Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Бос уақытында такси паркінде  қосымша табыс табумен айналысады.