Қуаныш Медеубаев – жас та болса қазақ поэзиясына өзіндік өлең өрнегімен келген ақын.

Оның жүрекке жылы тиетін жырлары лирик ақын екендігін танытса керек. 1987 жылдың 12 қарашасында Қарағанды облысы,  Қарқаралы ауданы, Қоянды ауылында дүниеге келген ақынның жуырда «Алтын Қыран» қоғамдық қорының қолдауымен «Қара жәшік» атты жыр жинағы жарық көрді. Республикалық Қ.Аманжолов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов атындағы жыр мүшәйраларының жүлдегері. Қазір Қарағанды облысының Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінде жұмыс істейді.