Құдрет Құдайбергенов – кәсіпкер

Құдрет Тілеубергенұлы табысты фирманың негізін қалап, бүгінде республикалық деңгейде жиһаз шығаратын кәсіпорынды басқарып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын талантты жастарға демеушілік жасап, қайырымдылықпен айналысып келеді.

1995 жылы «Қызыл-Әскер» атындағы орта мектепте тарих пәні мүғалімі болып еңбек жолын бастады. 1996 жылы Түркістан ауданы жастар ісі турізм және спорт басқармасының бастығы орынбасары қызметін атқарды. 1998-2003 жылдары Түркістан Кентау түтынушылар қүқығын қорғау бірлестігінде жұмыс атқарды. Құдрат Тілеубергенұлы 2003 жылы Шағын жиһаз дайындау цехын ұйымдастырады.  Алғашқы да 6 кісі жұмыс жасайтын  цех бүгінде үлкен жиһаз фимасына айналған. Болашақты алыстан болжаған іскер кәсіпкер табысы артқан кәсіпорынның ауқымын кеңейте түсіп, жиһаздардың республикамыздың барлық аймақтарына жеткізіліп, сауда сөрелеріне шығарылуына жағдай жасады. Бүгінгі күні 14 облыс орталықтары мен Алматы, Астана қалаларында осы кәсіпорынның жиҺаздарын сататын арнайы дүкендер жұмыс істейді. Қазіргі таңда 154 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, сапалы өнімдерімен тұтынушылардың талғамынан шығып келе жатқан табысты кәсіпорын.

2013 жылы республикалық «Алтын сапа» байқауына қатысып, «Іскер» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. ҚР Индустрия  және даму министрі Ә.Искешовтың Алғыс хатымен марапатталды. 2015 жылы да ерекше бағаланып, кәсіпорын жиһаздары «Қазақстанда жасалған» логотипімен шығарыла бастады. Ал 2016 жылы Шымкент, Астана қалаларында өткен байқауларда топ жарып, республикалық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, облыстық Кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамоталарымен, «Оңтүстік өнімдері-2016» байқауының «Көрменің үздік дизайны» дипломымен марапатталды.