Күлімхан Сейілбекова – музыка пәнінің мұғалімі

Күлімхан Каналбайқызы дарынды педагог, бірнеше музыкалық аспаптарда: домбыра, шаңқобыз, сазсырнай, гитара, фортепиано  аспаптарында ойнау әдістерін меңгерген. Қазіргі таңға дейін көптеген қалалық, облыстық, ремпубликалық байқау жеңімпаздарын дайындады.

Ол 1972 жылдың 15-желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазірде ОҚО Шымкент қаласы З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінде 12 жыл  үздіксіз жоғары санатты музыка пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді.

Оның шәкірттері: Халмуратов Бақытжан Қалалық «Ақ көгершін» байқауынан 1 орын; Республикалық «Балауса» ән-би байқауында Қайратқызы Камилия ІІІ-орын (2011); Бекмырза Арслан Республикалық «Балдаурен» ән-би байқауының бас жүлде иегері (2013); Нұрман Жан Республикалық «Алтын микрафон» байқауының бас жүлде иегері. (2014) Уалихан Бекарыс Республикалық (Салем, Астана» байқауынан І-орын.

Күлімхан Каналбайқызы Н.Ә. Назарбаевтың «Үлкен ел-үлкен отбасы жобасын жүзеге асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесімен бірлесе отырып «Әйел-ана, әйел-тұлға» атты ән кешін өткізді (2015ж). Сонымен қатар, «Әуезов оқулары-5»  М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми еңбектері жинағында бірнеше мақалалары жарық көрді

Көптеген байқаулардың жеңімпазы атанған: қалалық «Өнерлі ұстаз-2008» байқауында ІІ-орын ,облыстық «Өнерлі ұстаз-2009» байқауында бас жүлде. Жоғарыда аталған ерен еңбектері үшін ОҚО әкімінің арнайы алғыс хатымен, ОББ мен ҚББ мақтау қағаздарымен мараппатталды, ҚР Білім беру жүйесінің үздік қызметкерлері жарияланған. «Шәкірт жүрегіне жол тапқан ұстаз» жинағына (2012), «Дарында балалар - Қазақстанның болашағы» энциклопедиясына есімі енді (2012), «Білім саласының дамуына сіңірген ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2012).