Күлзада Мырзалықызы – саналы ғұмырын қалалық еткомбинатына арнаған құрметті ардагер.

Көп жылдар бойы еткомбинатында тер төккен Күлзада апай 2004 жылы зейнеткерлікке шықса да, әлі күнге дейін қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, туған өлкесінің көркеюіне барынша үлесін қосып жүр. Ол Шымкент қаласының 18 шағынауданы бойынша Тыл , ҰОС ардагерлер кеңесінің төрайымы, еңбекші аудандық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің алқа мүшесі, 18 ш/а №№76, 78, 79 үй комитетінің төрайымы.

1970 жылы Лениннің 100 жылдығы медалімен марапатталған. 1984 жылы кеудесіне Еңбек медалін тақса, талай рет аудандық, қалалық, облыстық әкімдіктерден алғыс хаттар алды. 2017 жылы облыстық депутат Қайрат Балабиевтің алғыс хатымен марапатталды.