Күлжахан Рысқұлова – әкімшілік жанындағы  іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы.

«Ақ тілек» әжелер тобының жетекшісі, Күлжахан Рысқұлова алғаш еңбек жолын 1966 жылы аудандық мәдениет бөліміне қарасты аудандық балалармен жасөспірімдер кітапханасында аға кітапханашы болып бастаған. 1968 жылдан Кеңес ауылындағы Айдарлы ауылдық кітапханасында кітапхана меңгерушісі болып қызмет істеген. 1989-1994 жылдар аралығында  ауылдық кеңеске бірнеше мәрте депутат болып сайланған. 1985 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. Жамбыл облыстық мәдениет басқармасының «Құрмет тақтасына» үлгілі кітапханашы ретінде суреті ілінген. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің  10 жылдығына байланысты «Президент медалімен» марапатталған. 1986 жылы аудандық «кітапханашылар байқауында» «Ең үздік» деген ерекше белгісімен және бағалы сыйлықтармен марапатталған. Мойынқұм аудандық әйелдердің конференциясында 2 мәрте делегат болып қатысқан.1997-1999 жылдар аралығында кітапханалар жабылып, қысқартылуға ілінген уақытта халыққа тегін айлықсыз қызмет көрсеткен. Көп жылдық еңбегінің арқасында бірнеше облыстық, аудандық «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2003 жылы «Отан» саяси партиясының облыстық филиалының  «Құрмет грамотасымен»  марапатталған. 2007 жылы «Нұр Отан» ХДП Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының алғыс хатын алған. 2015 жылы Тәуелсіздік мерекесіне орай Мойынқұм ауданының «Құрметті азаматы» төс белгісімен марапатталған. Қазіргі таңда қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, салауатты өмір салтын насихаттап, көп балалы отбасыларға көмек қолын созуда.