Ильясова Күлжамиля – Мемлекеттік қуыршақ театрының әртісі

Күлжамиля  Айыпқызы бүкіл жан дүниесіндегі сезімі арқылы  қолындағы қуыршаққа жан бітіріп, жансыз қуыршақты жанды бейнеге айналдырғанда   қойылымдағы образдардың мазмұнын тереңдете ашыла түседі. Ол осы шеберлігінің арқасында өзінің қолындағы көркемдік аспабы-қуыршағының бейнесіне қарап, оның қандай кейіпкер екенін дөп басып бірден тани білетін, қуыршақ өнерінің қыры мен сырын әбден жетік меңгерген өнер иесі.

Күлжамиля Ильясова 1955 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Сахна айдынында театр өнеріне қосқан үлесі ұшан-теңіз. 1975 жылдан бастап КМҚК «Мемлекеттік қуыршақ театрында» артист қызметін атқарып келеді. Тетардағы еңбегі бағаланып, әр жылдары түрлі наградалар, граммоталармен марапатталған. 2004 жылы Мәдениет қайраткері атағының, 2007 жылы «Ерен еңбегі» үшін медалінің иегері. Қуыршақтарды әртүрлі жанрдағы ертегі кейіпкерлерін ойнатуда өз кәсібінің шебері. Сондай-ақ тамаша дауысты, пластикаға икемді, қуыршақ жанрының жүргізуші шебері.

Қойылымдардағы көптеген ертегі кейіпкерлерін шебер дыбыстап, әрбір қимылдың ерекше нақтылығына жете мән береді. Театр репертуарындағы қазақ және орыс тілді қойылымдарда ойнап қана қоймай, әрбір актерді алмастыра да алатын орны қайталанбас тұлға.