Құралбай Орынбасар – самбодан Азия және Еуропа чемпионы

Ол Азияны үш рет бағындырған, Еуропа кубогының қола жүлдегері атанған, қазақ күресінен Еуропа және Азия чемпионы атанған, дзюдо спортынан Рио-де-Жанейродағы паралимпиадаға қатысып қайтқан ардагер балуан. Самбодан «халықаралық дәрежедегі спорт шебері», сондай-ақ дзюдо және қазақ күресінен ҚР спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

1976 жылы 1-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген.

Отырар ауданының «құрметті азаматының» бапкерлігімен талай сындарда топ жарып жүрген спортшылар жектілікті. Олар: Әбілдаұлы Сабыржан самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. Самбодан 2009 жылы өткен Азия чемпионатының  және осы жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2011 - 2012 жылғы "Қазақстан барысы" жарысының қатысушысы; Тұрмаханова Гаухар самбо, қазақ күресі және дзюдодан ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Самбодан екі дүркін Азия чемпионы, 2013-2014 жылғы Әлем чемпионатының Алтын және күміс жүлдегері; Абдіразақ Бағлан Әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2016  жылғы өткен Азия чемпионатының жеңімпазы, ҚР чемпионатының жеңімпазы; Дуктурбаева Руза самбодан 2017 жылы өткен Азия чемпионатының және ҚР чемпионатының жеңімпазы, әлем кубогының  күміс жүлдегері; Құдретілла Айжан самбодан "Жастар ойындары " І-орын, Азия чемпионатының қола жүлдегері  және  ҚР чемпионатының  жеңімпазы.

Құралбай Орынбасарұлы бапкерлігімен әлі де қазақ туын биіктерден желбірететін спортшылар шығады деп сенеміз.