Ахметова Ләйлә Сейсембекқызы- тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Әйел затының қашанда білім мен біліктілікті, жауапкершілік пен жүйелілікті, қарым мен қабілетті қатар алып жүре алатын тал бойына үйіп-төгіп берген ерекше қабілеттері бар екенін білеміз. Сондай қабілеттер барда,  олар аспаған асу,  бағындырмаған белес, шықпаған шың қалмайды. Әр жетістіктен ләззат, әр жеңістен шабыт алып болашаққа деген мақсатын одан әрі қайрай түсері анық.  Бірақ, мансаппен қатар әйел- «ана» екендігін де ұмытпау қажет. Ләйлә ханым екі жақтың да желкенін қатар ұстапты , бірінде – белді ғылым докторы болса, бірінде – бақытты ана, аяулы жар.   Осыдан 41 жыл бұрын Қазақ Ұлттық Университетінің жуналистика факультетін бітірген Ләйлә Сейсембекқызы ғылым саласында біраз жетістіктерге қол жеткізіпті.  1994 жылдан бері 300 – ге жуық тренингтер мен семинарлардың қатысушысы. Атап айтсақ: ұлтаралық қарым-қатынастар, ұлттық идея, адам құқығы, БАҚ, эика және имидж, таңдаулар, мәдениет, фандрейзинг, терроризм мен қақтығыстар мәселесі,  PR, кәсіподақтар,  үшжақты келісім, еңбек даулары, жобаны әзірлеу, финанстік және менеджменттік басқару, команда құру, психология, нейролингвистикалық бағдарламалау, гендер, үшінші сектор және т.б. Қазақстанда, Қырғызстанда, Ресеййдеғ Белорусияда, Моңғолияда, Үндістанда, Израильде, Тәжікстанда, Чехияда, Словакияда, Болгарияда, Өзбекстанда, АҚШта, Оңтүстік Кореяда, Польшада, Германияда, Бельгияда, Польшада өткен жүз елуден астам ғылыми, методикалық, халықаралық,  әйелдер конференцияларында лекция оқыған, сонымен қатар мастер- класстар өткізген. Негізгі мамандығы мен зерттеулік жұмыстарын қатар ұстап, әр қайсысында өзінің ізін қалдырып жүрген – Ләйлә Сейсембекқызына қандай медаль, қандай атақ берсең де жарасады.  «Союз женщин интеллектуального труда» ҚБ- нің директоры, Алматы қаласының «Әріптес» мемлекеттік емес қоғамдық конфедерациясының президенті, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ДООН, МОТ ИПЕК секілді халықаралық жобаларының ұлттық координаторы.  Қоғамдық қызметпен айналысатын белсенді. Конфликтологиялық орталықта және іскер әйелдер ассоциациясында бір қатар мемлекеттік емес ұйымдармен жұмыс жасайды.