Латипа Қожамжарова – биология ғылымдарының кандидаты, профессор

Латипа Сейдахметқызы ғылым қайраткері, Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы (2015 жылы), Білім мен ғылым саласына қосқан орасан зор үлесі үшін (2015), «Жас дарын -2014» грантының иегері. 2014 Ресей федерациясының Ауыл шаруашылық министрлігі ұйымдастырған «XVI Ресей агроөндірістік көрмесі» – Биосистематика Ephedra L. Флоры Казахстана монографиясын 2014 жылдың үздік ғылыми шығармашылық жұмыс деп бағаланып, алтын медальмен марапатталған.

Ол 1981 жылдың 19-наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қызыл көпір ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қызыл көпір ауылындағы Қ.Байменов атындағы жалдары орта мектебін үздік бітіріп шыққан. 2004 жылы Алматы қаласындаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді «Биохимия, биотехнология және өсімдіктер физиологиясы» мамандығы бойынша бітірген.  

2015 жылдың 31 наурыз айында аймақтық ғылым академиясының ұсынуымен  «Білім мен ғылым саласын дамытудағы қосқан үлесі үшін Ф. Тейлор атындағы»  алтын медальмен марапатталды. Мәскеу қаласында өткен «Бүкіләлемдік XXI Вернадский оқулары - 2014» жас зерттеушілер байқауында биология-медицина бағытындағы секциядан (биотехнология, фармакология) – жүлделі 1 орынның грант иегері,  Ғылыми жетекші ретінде Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен республикалық пәндік олимпиядада 1 орынды иеленген. «Жас зерттеушілердің Республикалық үздік ғылыми зерттеулері» 2 және 3 орынның грант иегері.

Латипа Сейдахметқызы  1 оқулық,  2 патент, 2 авторлық куәлік және 12 оқу құралы мен 3 монография, Томсон Рейтер (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters) және Scopus базасындағы нольдік емес импакт-фактормен, рейтингі бар. 14 және басқа да ғылыми басылымдарда 150-ге жуық ғылыми мақала жарияланымның авторы.