Лолитта Филиппова – білікті ұстаз.

1997 жылы Шахтинск қаласына қоныс аударып, №1 гимназия мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2000 жылы №9 орта мектепке физика және химия мұғалімі болып ауысты.

2011 жылдан осы күнге дейін Шахтинск қаласындағы №6 жалпы білім беру орта мектебінде физика және химия мұғалімі болып жұмыс істейді.

Филиппова Лолита оқушылары әр жылда әр түрлі облыстық, республикалық  білім сайыстарында жүлделі орындар иеленген.  Оның іскерлігі, жауаптылығы тәжірибелілігінің арқасында оқушылары әрдайым мектепшілік, қалалық, облыстық және республикалық байқауларда жүлделі орындар иеленіп жүр.  Әрдайым әріптестеріне шеберлігімен бөлісіп, мектепке, қалаға, облысқа ашық сабақтар мен шеберлік сыныптар ұйымдастырып отырады. Жас мамандарға  ақыл кеңес береді. Біліктілігін арттыру үшін үнемі курстарға,семинарларға қатысады. Үштілділік білім аясында өткізілген «Classroom language for Subject Teachers» атты жобаға қатысып, курсын тәмамдады.

Ұжымына өзін білімді жетекші, өз жүмысын жақсы білетін, жоғары білікті маман ретінде таныта білді.