Людмила Данилюк – Әулиекөл аудандық ОКЖ директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары

 

Людмила Данилюк - Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары. Ол балалардың білімді, тәрбиелі, еңбекқор болып, болашақта еліміздің бетке ұстар азаматы болып өсуіне өз септігін тигізді. Сонымен қатар, аудан кітапханасының қорын толықтырып, оқырмандардың сұранысына сай қызмет ете білді.

Людмила Данилюк 1973 жылы 3 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қостанай мәдени-білім беру училищесін, 2007 жылы Орталық Азия университетінің «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша бітірген. 

Людмила Данилюк еңбек жолын Әулиекөл аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде кітапханашы болып бастайды. 1997 жылдан бастап 2004 жылға дейін жеке кәсіпкер, 2004 жылдан бері ол Әулиекөл аудандық ОКЖ директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары болып қызмет етіп келеді.

Людмила 2012 жылы аудан әкімінің алғыс хатымен, 2015 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Менің Шоқаным» жобасында 1 дәрежелі дипломмен, 2017 жылы «Әулиекөл ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің алғыс хатымен марапатталған.

Кітапханада жұмыс істеген уақыт ішінде ол кітапхана ісінің қыр-сырын толығымен меңгеруге талпынды. Түрлі жобаларды дамытуда да тәжірибелі маманның қосқан үлесі зор.

Людмила Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Коғамдық Келісім» РМҚК-нің бірінші дәрежелі дипломымен және басқа да облыстық, аудандық дәрежедегі алғыс хаттармен марапатталды.