Ермаханбетова Мәдина Сейфуллақызы 1971 жылы сәуір айының 4-ші жұлдызында Төлеби ауданы Қасқасу ауылында, мұғалімдер отбасында дүниеге келді. 1978-1988 жылдар аралығында В.В.Куйбышев атындағы орта мектепті үздік аяқтады. 1988 жылы Қарағанда Мемлекеттік  медициналық институтына оқуға түсіп, 1994 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1994 жылы алғашқы еңбек жолын ШҚЖЖКС-да линия дәрігері болып бастады. 2007 жылдың ақпан айында Төлеби аудандық ауруханасына «Жедел жәрдем» және қабылдау бөлімінің меңгерушісі болып жұмысқа қабылданды. 2007 жылдың қараша айында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлығына  жоғарлатылды, бұл қызметті  2014 жылдың 1-тамызына  дейін  атқарып,  2014 жылдың 1-тамызынан бастап аудандық аурухананың бас дәрігері болып тағайындалды. Жолдасы Досалиев Нұрлан Оралбайұлы Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқарады. Отбасында 2 ұл 3 қыз тәрбиелеп отыр. «Нұр Отан» партиясының облыстағы филиалының мадақтамасымен, облыстық денсаулық сактау басқармасының, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен,  облыстық, аудандық мәслихаттың  Грамоталарымен, халық денсаулығын сақтауға баға жетпес үлес қосқаны үшін «Құрмет-АВ» коғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2014 жылы республикалық бизнес рейтингінде жоғары көрсеткішке жеткені үшін «Экономика мақтанышы» орденімен марапатталған. Аудандық аурухана ауданымыздың 80 жылдық мерекесіне орай, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Үздік медицина мекемесі» номинациясына ие болды. 

Бағдарламасы: Жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілік, әл-ауқатын жақсартуға бар күш-қайратымды сарқа жұмсап, ел игілігі үшін жұмыс жасауға әркашан дайынмын, дей отырып, мынадай сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

  • Елбасы Н.Назарбаев саясатын жүргізу:
  • «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру:
  • Аудан ауруханаcын күрделі жөндеуден өткізуге қаржы бөлдіруге жұмыс жасау:
  • Алтынбастау ауылындағы жолға тас төсеуге бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етемін:
  • Ауыл тұрғындарының ауызбіршілігіне сызат түсірмей, ынтымақтастықта өмір сүруін назардан тыс қалдырмау:
  • Елді мекен аумағын көркейту мақсатында тас-теректерді көптеп егіп, жол бойларына гүлзарлар, сәндік бұталар отырғызу, оларды күтімге алып, тамыр жаюына жағдай жасау :
  • Шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту:
  • Саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша Көксәйек ауылының орталығынан заманауи талапқа жауап беретін спорттық кешен құрылысын жүргізуге ықпал ету:
  • Көпбалалы аналардың тұрмыс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік қолдау көрсету:
  • Гендерлік саясатты жүзеге асыру;
  • Медицина мекемелерін керекті құрал-саймандармен, медициналық аппаратуралармен жабдықтау:
  • Ана мен бала өлімін азайтуға, оларда кездесетін түрлі аурулардың алдын алуға кәсіптік тұрғыдан медициналық көмек ұйымдастыруға ұйытқы боламын:
  • Халықтың өмір сүру дейгейін ұзарту үшін бала дүниеге келген күннен салауатты өмір сүру салтына баулу жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу:;
  • Көкейімде көптен бері жүрген ізгі арманым – Көксәйек ауылының орталығынан Алланың ақ үйі – мешіт салу болатын. Осы мақсатымды жүзеге асыруға күш жұмсаймын;
  • Қазақстанның, туған жерімнің патриоты ретінде бар күш-қайратымды еліме, халқыма арнаймын.

Ермаханбетова Мәдина Сейфуллақызы - Төле би ауданы Көксәйек ауылында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін арнайы дүкен  ашты. Жылдың басынан жұмыс жасап келе жатқан дүкеннің негізін қалаушы. Бұл дүкенде мұқтаж  жандар мұнда азық-түлік пен киім-кешекті тегін ала алады. Дүкенде арнайы ас кәрзеңкесі дайындалып, оған сүт, нан, ірімшік пен май секілді тағамдарды қосылған. Дүкенге тауарды көпшілік жұмыла жинауда.Кейбірі киім-кешегін әкелсе, енді бір азаматтар азық-түлік жеткізуді өз мойнына алған.  Бұған қоса дүкеннің жанынан балаларға арналған демалыс аймағы да ашылған.