Магираш Алмашова – география пәнінің мұғалімі

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар елді мекені Елшібек батыр атындағы мектеп - лицейінің география пәні мұғалімі қызметін атқарып жүрген Магираш Асылбекқызы білімділігін тек шәкірттері ғана емес, өзі де талай ұстаздар додасында дәлелдеп келеді.

2010 жылы облыстық тамыз кеңесінде "География сабағында жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру" тақырыбындағы баяндамасы құнды деп бағаланып, 2011 жылы аудан көлемінде география пәні мұғалімдеріне үлгілі күнтізбелік жоспары жарық көрген. Ал 2015 жылы облыс көлеміндегі мұғалімдер арасында география пәні бойынша жүлделі ІІ орынға ие болған. Жалпы, мұғалімдік мамандық – бұл адамтану емес пе?! Тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, шәкірттерінің күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіліп, олардан қоғамға пайдасын тигізетін азамат қалыптастыру. Магираш Асылбекқзы педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнерді қатар меңгеріп, күн сайын өз шәкірттерінің бойына өнеге мен білім нәрін құйып келеді.