Мағжан Шамшадин 1997 жылы 25 ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты бітірді.

Қазіргі таңда М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжде 2 курста оқиды. Ол бұған дейін 2014 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, сол жылы Қытайдың Гонконг қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді. Биыл Атырауда жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында бірінші орынды иеленді. Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын Мағжанның бапкері - дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қален Қалиұлы.

Мағжан Шамшадин Қазақстаннан шыққан жастар арасындағы екінші Әлем чемпионы.