Эльмұратов Махамбет Қалдыбекұлы-зейнеткер

Эльмұратов Махамбет Қалдыбекұлы-Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.  Бүгінде елқатарлы зейнетке шыққан ақсақал- Достық шағынауданының ауыл биі.  Кезінде даулы мәселелерді төтесінен қайырар,  өмірілік тәжірибеге бай, салт-сананы үйретуші,үлгі-өнеге көрсетуші ауыл ақсақалдары болғаны баршаға мәлім. Бүгінде сол игі дәстүрден бір сынық қалмады десеңіз қателесесіз.  Өйткені, Махамбет ақсақалдай көрегенді,  еңбекке баулитын, кикілжің мен қақтығыстарды шешіп, бітімге келтіріп, табыстырып,қауыштыратын абыройлы азаматтар барда ел-жұрт мамыражай күн кеше беретініне сеніміміз кәміл.  Ақсақал айтқан аталы сөзден ешкім әрі аттап кете алмаған, аяққа басылмаған.  Қазақта аталы сөзден аттау- тәрбиесіздік пен көрегенсіздіктің белгісі ретінде саналған.  Сөз қадірін түсіне білетін өскелең ұрпақ үшін ауыл ақсақалынан бата алып, жөн сұрау қашанда жақсылықтың нышаны. Махамбет ақсақал сонымен қатар өз аймағының өзге ұлт өкілдерінің бірлікте өмір сүруі үшін өз үлесін қосып жүрген азамат.  Ол сонымен қатар,ауыл ақсақалдарымен бірлесіп,  сол аймақтағы әлеуметтік және коммуналдық маңызды мәселелерді шешу жұмысымен айналысады. Қаратау ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған.