Майрамбай Ерназаров – жеке кәсіпкер

Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Қайырымдылықтың қайырын өзін көресің» дегендей, қазіргі кезде өз ісімен көпке өнеге көрсетіп жүрген азаматтарымыз жетерлік. Соның бірі – Майрамбай Ерназаров.

1990 жылы 1 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округінде дүниеге келген. 2008 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Алатау батыр ауылдық округіндегі С.Кәттебеков атындағы жалпы орта мектебін бітірген. Мектеп бітірген соң, ата жолын қуып бірден кәсіпкерлікке бет бұрды. Осы тоғыз жылдың ішінде өзінің қолға алған ісінің нағыз маманы болып, кәсібін өркендетіп келеді. Майрамбай Амангелдіұлы тапқан табысын халықпен бөлісуді ұмытқан емес. Ауылда аз қамтамасыз етілген отбасыларға қайрымдылық көрсетіп келеді.