Мақсат Жұмабаев – Леңгер мемлекеттік сорт сынау бөлімшесінің басшысы

Мақсат Болысбекұлы алдына қойған мақсатына жету үшін аянбай тер төгіп, қарапайым операторлықтан бастап, бөлім басшылығына дейін көтерілді. Ол сондай-ақ, әрқашан қайырымдылық жасап, тұрмысы нашар отбасыларға көмектесіп келеді.

Ол 1982 жылғы 20 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Екпінді ауылында дүниеге келді. 1988 жылы Екпінді орта мектебінің 1-сыныбына барып, осы мектепті 1999 жылы бітірді. Мектепшілік түрлі жарыстар мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан. Мектепті бітіргеннен кейін ауыл шарушылығымен айналысып, 2000 жылы Халықаралық қазақ-араб университетінің тарих және география факультетіне оқуға түсті. Жоғарғы оқу орнында сырттай оқи жүріп, «Бейбарыс Ойл» ЖШС-де аға оператор болып жұмыс істеді. 2006 жылы жоғары оқу орнын бітірген соң, «Көктерек» өндірістік кооперативінде бригадир болып жұмысын жалғастырды. Бұдан кейін «Замана Инвест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде аға опeратор қызметін атқарды. 2012 жылы Шымкент аграрлық колледжін агроном мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2009-2012 жылдары «Ақбұлақ» өндірістік кооперативінде агроном, 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысы инспектурасы Леңгер мемлекеттік сорт сынау бөлімшесінде агроном, ал 2013 жылдан бері осы бөлiмшенің басшысы болып істеп келеді.