Максим Щербак-кәсіпкер

Максим Щербак 1986 жылы Павлодар облысы, Қашыр ауданы, Березовка ауылында дүниеге келді. 2003 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «қаржы және экономика» факультетіне түсіп, 2007 жылы үздік түлектердің қатарынан көрінді. ЖОО бітіргеннен кейін, ауыл шаруашылығымен айналысуға бел буды. Астықтың өнімділігі мен сапасын арттыру үшін шаруа қожалығы, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге арналған заманауи технологияларды пайдаланып, минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді химиялық қорғап және егіс алқабының көркеюіне бар күшін салуда. Ал машина-трактор паркін жаңарту үшін Максим, жыл сайын үздіксіз жұмыс жасап жатыр.

М.Щербак кәсіпкерлік тұрғысынан бөлек, ауылды жақсартуға ат салысып, қарт адамдарға жанармай мен жануарларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Сонымен қатар, мерекелік және спорттық іс-шаралардың демеушісі болып табылады.

Қазіргі таңда Максим Щербак аудандық мәслихаттың депутаты және «Кұндыз» ЖШС басшысы