Еңбек жолын қарапайым зауыт экскаватор машинисінің көмекшісі қызметінен бастаған Мәлік Құтымбетұлы басшылық қызметке адал еңбегі, туған қаласына деген сүйіспеншілігінің арқасында жеткен азамат.  

Алғаш 1987 жылы Ленин атындағы Шымкент цемент зауытының эксковатор машинисінің көмекшісі қызметінен бастаған. 1990-1991 жылдары «Чимкентжилстрой» мекемесінде механик болып қызмет жасады. Кейін  «Сипан ЛТД» ОҚФ-ның прорабы, бөлім бастығы, агенті, «Зейнеш» ЖК, «Бета» ЖК директоры,  «Казреставрация» трестінің бас инженері,  «Барс ТК» ЖШС-ның директоры, «Дидар А» ЖСШ-ның директоры, Шымкент қаласы әкімінің №1 халықпен жұмыс жүргізу басқармасының бас маманы қызметін атқарды. Адал еңбегінің арқасында Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, халықпен жұмыс жасау бөлімдерінің бас маманы, бөлім бастығы, «Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары, Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласының тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды. Бүгін де Мәлік Құтымбетұлы Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қызметінде.

Мәлік Әбдінұров Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы қызметін жасаған жылдары шаһар тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы да жайлы өмір сүруіне аянбай еңбек етіп, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жоғары деңгейді жүргізді.

Әбдінұров Мәлік Құттымбетұлы осы жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген және  халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда маңызды саласы – тұрғын үймен қамтамасыз етуді дамыту мен жетілдіру ісінде мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салып, көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген тәжірибелі маман.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.