Мәлік Сұлтанбек – PhD докторанты

Мәлік Жұпанбекұлы юілім беру саласында аянбай тер төгіп келеді. Оның бірнеше ғылыми мақалалары шетелдік басылымдарда жарияланып, жоғары бағаға ие болған.

Ол 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданығ Шалдар ауылында дүниеге келген.

1997-2001 ж.ж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университінің  Тарих факультетінің мұражай ісінің маманы, тарихшы мамандығын (үздік дипломмен) бітірді. 2012-2015 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ магистратурасын бітірген. Психологиялық-педагогикалық мамандықтар кафедрасының  PhD докторанты.

Қазіргі уақытта 2016-2017 оқу жылынан бастап Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің  «Дайындық» факультетінің «Жалпы пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметінде. «Қазақстанда бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлау жүйесінің даму кезендері (1991-2011ж.ж.)» атты докторлық диссертациясының аясында жазылған 19 ғылыми еңбегі ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынатын басылымдарда, шетелдік, отандық халықаралық ғылыми конференцияларында, Ресей, Түркия, Грекия, Арабия елдерінде жарық көрді. SciVerse Scopus, Index Copernicus (ISI web of Knowledge, Thomson Reuters, Scopus, Copernics) компаниясының ақпараттық базасының деректері бойынша нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық ғылыми журналдарда шыққан ғылыми еңбектері бар.