Манарбек Болат-балуан

Манарбек Болат 1992 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Грек-рим күресінен спорт шебері. Кадеттер арасындағы Қазақстан чемпионы.

Грек-рим күресінен Манарбек бірнеше мәрте республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері атанды. Оның бірінде, яғни 2008 жылы аталған спорт түрінен өткен ел біріншілігінде алтыннан алқа тақса, 2009 жылы Ресейде өткен олимпиада ойындарының чемпионы Константина Вырупаева атындағы халықаралық бәсекеде қола медальді ұтты. Ал 2012 жылы ол Латын Американың әйгілі қаласы Рио-де-Жанейрода өткен «Бразилия  кубогінде» қола медальді қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, 2014 жылы М.Болат 23 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында 1-ші орынға табан тіреді.