Дәрігер Марат Қарсыбекұлы  жоғары қатардағы маман, классикалық, сондай-ақ қазіргі заманғы анестезияның, көп компонентті, құрама және аумақтық анестезияның барлық қажетті әдістерін игерген.

Өздігінен тыныс алуын сақтап қалуымен, аумақтық анестезияда кеңірдекті көрмей интубациялау, мұрын-кеңірдек интубациясы сияқты ауыр әдістерді жете меңгеріп алған. Қарқынды терапиядағы қазіргі заманғы әдістерді жасаумен және енгізумен, әсіресе аутоиммунды аурулар кезіндегі полиорганды жеткіліксіздік проблемасы бойынша көбірек шұғылданады. Онымен аппараттық және мембраналық плазмофорез, сорбентті алдын ала оксигенациялаумен гемосорбция, ультрасүзбе, қанды мембраналық оксигенациялау сияқты детоксикацияның әдістері, детоксикацияға арналған мультифильтрат аппаратын қолдану енгізілген.
2015 жылғы 03 ақпаннан бастап осы уақыт аралығында Астана қаласы әкімдігінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі - №1 қалалық аурухана) бас дәрігері болып жұмыс істейді. 

М.К. Абдуов №1 қалалық аурухананың өндірістік, шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін басқарады, қабылданған шешімдерге, мүліктің сақталуы мен тиімді пайдалануына толық жауаптылықпен қарайды. Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны жүзеге асырудың механизмін белгілейді. Қызметкерлер жұмысының ұйымдық түрлері мен әдістерінің жаңасын енгізуін және жетілдіруін, көрсетілетін диагностикалық, емдік және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын мұнан былай жоғарылатуын, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуын, мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

1989 -1991жж. – Бірінші қалалық аурухананың жанақтау бөлімшесінің мейіргері1991-2004 жж.

 Астана қаласы «1-ші қалалық аурухана» МКҚК анестезиология және реанимация бөлімшесінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері,

2004 – 2015 жж. – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК анестезиология және реанимация, қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі,

2013ж- 2015ж. Астана қаласы  Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас анестезиолог-реаниматологы,

2004 ж. бастап осы уақыт аралығында Астана қаласы бойынша Ұлттық Медицина Қауымдастығының Президенті,

2013 ж. бастап осы уақыт аралығында Астана қаласы Трансплантология республикалық орталығының үйлестірушісі,

2015ж. – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№1 қалалық аурухана» МКК бас дәрігері.