Бисенов Марат Алдабергенұлы 1968 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келді.1975 жылы қазақ ССР –нің (қазіргі Сырдария ауданының Н.Ильясов) атындағы кеңшарында № 132 қазақ орта мектебіне барып, 1985 жылы осы мектепті бітірді. Осы ауылда 1985 жылдың тамыз айына дейін жұмысшы болып еңбек жолын бастады.
1985 жылы Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтына(қазіргі Қорқыт ата атындағы университет) оқуға қабылданды.
1987-1989 жылдар аралығында әскери борышын өтеп келгеннен кейін оқуды жалғастырып 1992 жылы инженер-гидротехник мамандығын алып шықты.
1995 жылы Жалағаш ауданының Аққұм кеңшарында гидротехник,аға гидротехник болып жұмыс атқарды.
1995 жылдың қараша айынан бастап 2003 жылға дейін «Қызылорда су торабы» басқармасында бөлім бастығы болып қызмет атқарды.
2003 жылдың қаңтар айынан бастап 2006 жылдың қараша айына дейін Сырдария ауданының «Ақжарма» ЖШС- нің директорлық қызметінде болды.
2006 жылдың қараша айымен 2008 жылдың наурыз айы аралығында «Қызылорда су шаруашылығы» ЕКМ «Ауданаралық каналдар жүйесі» кәсіпорынының директорлық қызметіне тағайындалды.
2008-2011 жылдар аралығында «Алуан Ас» ЖШС-нің бас директорының ауылшаруашылығы жөнінде орынбасары қызметін атқарды.

2011 жылдың сәуір айынан бастап «Ақжарма Жер» ЖШС-нің директоры қызметіне тағайындалды. 
«Ақжарма-2» шаруа қожалығы бойынша; күріш – 876 га, бидай 88 га, жоңышқа 240 га. «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойынан «В» санаты бойынша Сырдария ауданы шекарасынан өтетін бөлігінде «Ақжарма-2» қожалығының «Нұрлы жол» сервистік кешені құрылысының жобалық сметалық құны – 216 млн теңге. Сервистік кешен іске қосылғанда жылына 3 мың адамға дейін туристік қызмет көрсетіледі және 37 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сервистік орталықта қонақ үй, асхана, дүкен, автотұрақ, шаштараз, дәріхана және техника жөндейтін орталық бар.