Жалбиров Марат Иманбайұлы – саз әлеміне еңбегі сіңген сазгер.

Қандай сала болмасын өз қазанында қайнап жүрген азаматтардың есімін бірі білсе,  бірі біле бермейтіні рас. Сондай жандардың бірі – Марат Иманбайұлы.  Ол саз әлеміне жаңаша бір өзгеріс алып келу үшін тынымсыз еңбектуде. Марат Иманбайұлы - cаз әлемінде оты сөніп бара жатқан фольклорлы сазды әуендерге жан бітірудің шебері. Марат Иманбайұлының жетекшілігімен «Сазген сазы» атты фольклорлы – этнографиялық ансамбль жаңа кәсіпқой деңгейге көтерілді. Ансамбльде фольклорлы ұлттық әуендер мен күйлердің қатарында заманауи классикалық әуендердің де орындалуы  жаңаша бір леп әкелгендей болды.  Марат Иманбайұлының басқаруындағы ансамбль бірнеше халықаралық фестивальдардың жеңімпазы атанды.  Атап айтсақ, Гонгконгтағы мәдени қарым – қатынастарды дамыту, Белоруссиядағы Қазақстанның мәдени күндерінде, Омандағы,Испаниядағы халықаралық фестивальінде, «Ғасырлар сазы», Мәскеудегі «Гнесин – джаз»  атты халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты атанған.