Марат Омарбаев – «Ақсу қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының» маманы

Мен Марат Нұрғалиұлы 1993 жылы 24 қазанда Павлодар облысы, Екібастұз қаласында дүниеге келдім.  2011 жылы Ақсу қаласы Қ.Шүлембаев атындағы орта мектебінің 11 сыныбын аяқтап, Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне «Есеп және аудит» мамандығына сырттай оқуға түстім. Сырттай оқи отырып, еңбек жолын дәл сол жылы «Нұр Отан» партиясының Ақсу қалалық филиалында «Жас Отан» жастар қанаты ісі бойынша қызметімді бастадым. 

2013 жылы колледжді бітіріп, «Ақсу қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөліміне инспекторы ретінде жұмысқа орналасып, 2017 жылдың сәуір айына дейін сол бөлімде еңбек еттім. Бүгінгі таңда, «Ақсу қаласы халықты жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінде маман ретінде өз қызметімді жалғастырудамын.

Жалпы қызмет өтілім кезінде түрлі аймақтық, облыстық жәңе республикалық деңгейдегі қоғамдық іс-шаралардың қатысушысы болып келемін. «Нұр Отан» ХДП Ақсу қалалық филиалы жаныдағы Жас саясаткер мектебін толық аяқтадым (сертификат); Ақсу қаөңірі жастарының мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізген «Өзін-өзі басқару күні» жобасының қатысушысы болдым(сертификат); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлау науқынана белсенді қатысқаны үшін Павлодар облысы әкімінің алғыс хатын алдым.

Сонымен қоса, азаматтық борышы мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін, белсенді ұстаным танытқаны үшін Ақсу қаласы әкімінің, қала әкімі орынбасарының, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінш орынбасарының бірнеше алғыс хаттарымен марапатталдым. «Нұр Отан» партиясының, «Жас Отан» жастар қанатының, «Ақсу қаласы жас мемлекеттік қызметшілер кеңесінің» мүшесімін.