Марат Өтегенов – «Боровск өнер мектебінің» хор дирижёрі

2012 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын хор дирижёрі мамандығы бойынша тәмамдаған Марат Өтегенов алғашында Алматы қаласындағы №2 Оқушылар сарайында хор дирижёрі болып қызмет етсе, қазір туған жері Қостанай облысында балаларды өнерге баулып жүр. Ол Меңдіқара ауданындағы вокал студиясында оқытушы, сонымен қоса «Боровск өнер мектебінде» хор дирижёрі болып еңбек етеді. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, соңынан ерген шәкірттері де өзі секілді өнерге шын берілген өрендер. Айталық, облыстық балалар арасындағы «Алтын микрафон-2014» вокал байқауында оның тәрбиелеген шәкірттері жеңіс тұғырынан көрініп, өзі «Үздік педагог» номинациясын жеңіп алған. Сондай-ақ, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы Қостанай облыстық филиалы өткізген акциялар мен іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатқа ие болса, өзге де көптеген байқауларда жүлдегер атанып жүр.