Марат Рабандиярұлы – бас дәрігер.

2002-2007 жылдар аралығында №7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасында балалар нейрохирургия бөлімінде аға кординатор болып жұмыс атқарған. 2005 жылы Израиль мемлекетінде Соранский клиникасында балалар нейрохирургиясы бойынша тағылымдамадан өткен. 2007 жылдан 2015 жылға дейін Астана қаласы Ұлттық нейрохирургия орталығында балалар нейрохирургия бөлімінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс атқарған. 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облыстық балалар  ауруханасында  бас дәрігердің қызметін атқарады.

Марапаттары:

•Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері.

• «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі».

• «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі табысталған.

• «Чуткое сердце» медалінің және Герой энциклопедии «Лучшие люди» құрмет белгісінің иегері.

• «Персона России-2016» лауреаты.