Марат Сапарбаев – аға инспектор, полиция капитаны

Марат Сапарбаев Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспектор полициясы. Аудан халқының тыныштығын сақтап, қылмыстардың орын алуына жол бермей келеді. Жұмысына деген зор жауапкершілікті арқаланған қызметкердің қызметіне адалдығы көпке үлгі.

Ол 1981 жылы 10 қаңтарда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Лесное ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Алматы қаласындағы ҚР ІІМ Академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген. 

Марат Сапарбаев еңбек жолын кіші сержант қызметінен бастайды. Бүгінде ол Боровоское ауылында аға инспектор, полиция капитаны. Жұмысына тыянақты. Үнемі өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қызметкер осыған дейін орын алған түрлі қылмыстың 90 %-ын анықтаған. Қызметіне деген адалдығының арқасында ұжымда беделді.

Марат Сапарбаев Меңдіқара ауданы әкімінің құрмет грамотасымен және Қостанай облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталып, Ішкі істер органдарының алғыс хатын да иеленген.