Маргарита Кунинова-спортшы

Маргарита Кунинова 1989 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Жасөспірім кезінен бастап, спортқа, әсіресе, жеңіл атлетикаға көп зейін қойған. Мектеп кезінде және мектепті бітіргеннен кейін де  Маргарита көптеген жарыстарға шығып, жеңіс тұғырынан көрінетін. Мәселен;

2001-2007 жылдары 400 және 800 метрлік қашықтыққа жүгіруден Қазақстан чемпионы

2003 жылы 400 және 800 метр қашықтыққа жүгіруден Қазақстан спартакиадасының чемпионы.

2004 жылы 400 және 800 метр жарыстарда «Азия балалары» халықаралық байқауының жеңімпазы. (Ресей)

2004 жылы 800 метр қашықтыққа жүгіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері. (Малайзия)

2005 жылы 400,800 метр қашықтыққа жүгіруден мектеп оқушылар спартакиадасының күміс жүлдегері

2001-2006 жылдары 400,800 метр қашықтыққа жүгіруден орта Азия чемпионы

2007 жылы Тайланд гран-приінің жүлдегері (Индия)

2010 жылы 4х400 м эстафетада Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

2011 жылы Тайланд гран-приінің жүлдегері.

2012 жылы 400 метр қашықтыққа жүгіруден Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері

Сонымен қатар, М.Кунинова «Автокран Премиум» ЖШС директоры.