Мариям Әшімханқызы Оразбаева – «Федоровские новости» газетінің редакторы

Әдебиетке жаны жақын Мариям Оразбаева орта мектепті бітіргеннен кейін бірден туған жері Федеровка ауданындағы «Федеровские новости» газетіне жұмысқа тұрады. Он үш жыл тілшілік қызметте болған ол аталмыш басылымның редакторлығына көтеріледі. Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде қазақ тілі мен әдебиетінің пәні мұғалімі мамандығы бойынша білімін жетілдірген М.Оразбаева көбіне жастармен байланыс жасағанды ұнатады және сөздік қоры жылдан-жылға кеміп бара жатқан жасөспірімдердің келешегіне алаңдаушылықпен қарайды. Сондықтан, ғаламтор жаулаған заманда талғампаз оқырманның сұранысын қанағаттандыра алатындай дәрежеде жұмыс істеуге тырысады. Газетінің сапалы, оқырман үшін қызықты болып шыққанын қалайды. Қоғамды тәрбиелеуде газеттің рөлі зор екенін ескерсек, 26 мың тұрғыны бар Федеровка ауданы тұрғындары үшін М.Оразбаева редакторлық ететін «Федеровские новости» газеті, әсіресе, жастар үшін кішігірім мектеп болып отыр десек артық айтқанымыз емес.