Маусар Хасбулатов – «Терек-М» ЖШС директоры

Маусар Хасбулатов іскерлік қабілетімен көпке сыйлы болған құрылысшы. Ол өз туған жерінің дамуына үлкен үлес қосты. Яғни, ауыл тұрғындарын тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, спорт, білім саласының дамуына жол ашты. Аз қамтылған отбасыларға қол ұшын созып, академик Т.Б.Дарқамбаев атындағы Аят орта мектебіне демеушілік жасады.

Ол 1955 жылы 25 наурызда Қостанай облысы, Ленин ауданы, Пилкано ауылында дүниеге келген. Грозный қаласының құрылыс техникумында прораб мамандығы бойынша бітірген.

Маусар Хасбулатовтың еңбек жолы 1993 жылы басталды. Ол өзінің еңбекқорлығының арқасында құрылыс бригадасының жетекшілігінен кәсіпорын басшысы қызметіне дейін көтеріледі. 1998 жылы «Терек-М» ЖШС директоры қызметіне тағайындалады.

Қазіргі таңда өзі басқарып отырған «Терек-М» ЖШС-нің егістік аймағы 6500 га. Басшының іскерлік қабілеті мен жауапкершілігінің арқасында аталған серіктестік жыл сайын қарқынды дамып келеді.

Саяси тұрғыда да сауатты Маусар Хасбулатов салауатты өмір салтын ұстанады. Оның жеткен жетістіктері де аз емес. Атап айтсақ, 2014 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ерен еңбегі үшін» медальімен, аудан, облыс әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған. Сондай-ақ 2016 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік медальдің иегері.