Чотабаев Медет 1981 жылы 30 қазанда туды. 2008 жылдан – Абай атындағы МАОжБТ опера солисті,  Алматы қ., 2013  жылдан бастап «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының опера жетекші  солисті болып табылады,  театр репертуарының опералық спектаклдерінде жетекші партияларды орындайды. 

Театрда қызмет атқару барысында театр өнерінің көрермендері мен табынушылары арасында танымдылыққа ие болған көптеген қойылымдарға қатысты. Қазақстан жас орындаушыларының IV Республикалық байқауының 2 сыйлық лауреаты (2003), Ұлы Абайдың 160-жылдығына орай аймақтық байқаудың Гран-при иегері (2005), «Шабыт» IX Халықаралық фестивалінің Гран-при иегері (2006), Бибігүл Төлегенова атындағы Халықаралық вокалшылар байқауының 1 сыйлық лауреаты (2007), Беньямино Джильи атындағы Халықаралық байқаудың дипломанты (Порто-Реканати қ., Италия, 2008), Глинка атындағы XXIII Халықаралық байқаудың 1 сыйлығы мен үздік тенор арнайы сыйлығының иегері (Мәскеу, 2009), «XXІ ғасыр өнері» Халықаралық байқауының Гран-при иегері (Финляндия, 2009), «Опералия-2011» байқауының қатысушысы; Румыниядағы Х. Даркле атындағы Халықаралық вокалшылар байқауының Гран-при иегері (2012), Веронада Халықаралық опералық әншілер байқауында 1 орын (Италия),  «Morcello Giordani» Халықаралық байқауының ІІІ сыйлық лауреаты (2012), «Leylya Gencer» Халықаралық байқауының  финалисты (2012), Қазақстанда «Алтын Адам- Человек года»  арнайы сыйлық иегері - «Отандық опералық сахнаның болашақ жұлдызы» (2012), V Ұлтаралық партиоттар форумының  дипломанты (2012).  

Әртістің кәсіби деңгейлері мен шығармашылық әлеуеті жоғары деңгейде. Мына опералық қойылымдарда жетекші партияларды орындады: Герцогтың партиясы («Риголетто» Дж. Верди, Немориноның партиясы («Любовный напиток» Г. Доницетти), Рудольфтың партиясы («Богема» Дж. Пуччини), Пинкертонның партиясы («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини), Каварадоссидың партиясы («Тоска» Дж. Пуччини), Ленскийдің партиясы («Евгений Онегин» П. Чайковский), Альфредтың партиясы («Травиата» Дж. Верди), Төлегеннің партиясы («Қыз Жібек» Е. Брусиловский). Маңызды үкімет мәдени іс-шараларға, Ресей, Қытай, Италия, Беларусь және т.б. елдерінде гастрольдерге қатысты.

РЕПЕРТУАР:

Герцог («Риголетто» Дж. Верди)

Неморино («Любовный напиток» Г. Доницетти)

Рудольф («Богема» Дж. Пуччини)

Пинкертон («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини)

Каварадосси («Тоска» Дж. Пуччини)

Ленский («Евгений Онегин» П. Чайковский)

Альфред («Травиата» Дж. Верди)

Төлеген («Қыз Жібек» Е. Брусиловский)