Мейіржан Омаров – Жаңаарқа жалпы орта білім беретін мектебі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Мейіржан Төлегенұлы бала кезінен аудан орталығындағы спорт мектебінде қазақша күрес және самбо күресінен жаттыққан. Қазақ күресінен, самбо күресінен бірнеше дүркін Қазақстан біріншіліктерінің жеңімпазы, ТМД елдері жарыстарының жүлдегері атанған. 1990 жылы Қазақ ССР-нің спорт шебері атағын алған.

Еңбек жолын 1995 жылы Жаңаарқа негізгі мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастаған. Қазіргі кезге дейін мектеп оқушыларын спортқа баулып келеді. Шәкірттері спорттың күрес, жеңіл атлетика, футбол түрлерінен аудандық, облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанып жүр. Оқушылардың бұндай жетістіктерге жетуіне Мейіржан Төлегенұлының сіңірген еңбегі зор.

Ол өзінің барлық күш-жігерін, білімін, тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсап, оқушыларға патриоттық, туған жерге жанашырлық сезімдерін дәріптеп, ауылдың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, ауылдағы спорттың дамуына, ауылдағы, аудандағы спорттық іс-шараларға белсене атсалысып келеді.

2000 жылы аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатымен», 2004 жылы аудандық спорт мектебінің «Мадақтамасымен», 2006, 2009, 2012 жылдары ауыл әкімінің «Алғыс хаттарымен», 2010 жылы аудан әкімінің «Алғыс хатымен», 2011 жылы облыстық спорт қоғамы штабының «Алғыс хатымен», 2016 жылы ауыл әкімінің «Құрмет грамотасымен» т.б. мадақтамалармен марапатталған.