Мэлс Қосымбаев 1970 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Жетісай ауданы, Жылысу ауылында туған – ақын, филология ғылымының кандидаты Мектепте оқып жүрген кезінде аудандық, облыстық ақындар айтыстарына қатысқан.

1990 жылы III-республикалық ақындар айтысының, 1996 жылы өткен Жамбылдың 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысының және 2001 жылы Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай өткізілген айтыстың бас жүлдегері. Мэлс Қосымбаев – Абыл, Ақтан, Нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманның айтулы суырыпсалма айтыс ақындарының бірі.


• Орал педагогика институтын (1992) бітірген
• Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1996 – 2006)
• Филология ғылымдарының кандидаты (1999)
• «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері (2001)
• Мемлекеттік Дарын сыйлығының лауреаты (2004)
• Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері (2007)
• 2006 жылдан Маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді.
• Республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы (1988–2007).
• Қазақстанда алғаш өткізілген «Айтыс – Қазақстан чемпионатының» (2007) бас жүлдегері.
• «Құрмет» орденінің иегері (2015)