Мереке Айдарша – қолөнер шебері. «Кілем өнері» атты оқу құралым  (авторлық  бірлестікте) және 10-нан астам халықаралық ғылыми мақалалары жарық көрді. Қазақтың дәстүрлі өнері Кілем тоқу, Ши тоқу, Кесте тігу, Батик өнері, Гобелен өнері, Жүннен жаңа технологиядағы бұйымдар жасаумен айналысады.

Мереке 1981 жылы 10 наурызда дүниеге келген.

Кентау қаласы шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында енген конкурсқа қатысып, нәтижесінде  жоба үздік танылып 2 млн. 320 мың теңге қайтарымсыз грант алып, Қытайдан жүнді өңдейтін станоктар алдырды. Станоктар жүнді, мақтаны жуып, тазалап тарап береді. Жүннен қазақтың ұлттық киіз басу  өнерін дамытуда. Киізден ұлттық киімдер, кілем, гобелен ұлттық бұйымдар жасайды. Цехта дайындалған бұйымдар дүкенде саудаланады.  3 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Республикалық облыстық көрмелерге қатысып жүлделермен  марапатталғн.

2013 жылы  Жамбыл обылысының әкімдігінің Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен Халықаралық  ASPARA сән фистивалінде дипломмен марапатталды.   Алматы қаласында өткен «Өнерлер тоғысы» атты халықаралық шығармашылық туындылар симпозиумында «Сәндік қолданбалы өнер саласындағы шығармашылық жұмыстар» номинациясы  бойынша  III дәрежелі дипломды иеленді. Алматы университеті «Сымбат» Дизайн және Технология Академиясында өткен жоғары оқу орындары арасында «ART Greative» III халықаралық дизайнерлер және суретшілер арасындағы сайыста студент сертификатпен марапатталды. Кентау Қалалық  білім беру бөлімінің I дәрежелі дипломы «Ең үздік шебер» номинациясымен  марапатталды. Астана қаласында республикалық конкурста «Ұлы дала перизаттары» атты топтамасы үшін дипломмен марапатталды. Түркия Республикасындағы Ақдениз университеті Өнер факультетінің  ұйымдастырылуымен өткен көрмеге қатысып, сертификат алған. Алматы қаласында Т.Жүргенов атындағы  Қазақ Ұлттық өнер академиясында өткен Республикалық  пәндік олимпиадада  жетекшілік еткен студенттері  II және III орын иеленіп, дипломдармен марапатталған. Түркістан қалалық  әкімшілігінің ұйымдастырылуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген сайыста «Сәндік өнер»  бағыты  бойынша  бас жүлдені жеңіп алды.

Талдықорған қаласында өткен суретшілер мен қолөнершілер арасында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткен  «Ұрпаққа аманат» атты Республикалық көрмеде қолөнер номинациясы бойынша жүлделі II-орын алды.