Ахметова Меруерт Акановна оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми-техникалық негіздерін терең біліктікпен игерген. Оқушылары қалалық, облыстық, халықаралық пән байқауларына, пән олимпиадаларына, басқа да сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, биіктерден көрініп жүр. Ұстаз еңбегі ескерусіз қалған жоқ, бірнеше рет қалалық білім бөлімі мен облыстық білім басқармасынің Құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды. Ұстаз – өзіндік тың бастама, ұшқыр ой, сан қырлы шебер әдістері арқылы әріптесіне  үлгі.

Оқушыларының  жетістігі:

2015-2016 оқу жылы: VIII Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңіне жаратылыстану математикалық бағыт пәндері бойынша математика пәнінен жеңіске деген талабы үшін Ақмола облысы білім басқармасының грамотасымен  11 сынып оқушысы Тельманова Жансая марапатталды.
Пән олимпиадасы, III орын –Тельманова Жансая (11-сынып); 
Пән олимпиадасы, II орын –  Тұрдыбекова Назерке (9-сынып); 
Пән олимпиадасы, IV орын – Мусабеков Адиль  (8-сынып); 
2014-2015 оқу жылы: Пән олимпиадасы, II орын –  Тельманова Жансая (10-сынып); 
Пән олимпиадасы,  IV орын –  Дүйсенова Ұлболсын (10-сынып); 
Пән олимпиадасы, II орын –  Тұрдыбекова Назерке (8-сынып);
Пән олимпиадасы, IV орын –  Көшеков Алихан  (8-сынып); 
Халықаралық пән олимпиадасы УРФОДУ жоғарғы лига І орын – 19  оқушы (5-9 с);
Республикалық интеллектуалды ойын «Ақбота», III орын – Амантаев Ардақ; 
Республикалық интеллектуалды  ойын  «Ақбота», III орын – Турсынбаев Арыстан;  
2013-2014 оқу жылы: Халықаралық пән олимпиадасы УРФОДУ жоғарғы лига «Алтын алқа» иегері – Естаев Ерқанат (7 сынып);
Халықаралық пән олимпиадасы УРФОДУ жоғарғы лига – 1 орын 8 оқушы;               
Республикалық интеллектуалды ойын «кенгуру», III орын - Карибекова Айдана, Нурбердиев Тұрсын , Илесова Ақерке. (6 сынып);
Республикалық интеллектуалды  ойын  «Ақбота», III орын –  6 оқушы (6 сынып);
Пән олимпиадасы, I орын –  Тельманова Жансая  (9-сынып); 
Пән олимпиадасы,  III орын –  Дүйсенова Ұлболсын (9-сынып); 
2012-2013 оқу жылы: Халықаралық пән олимпиадасы УРФОДУ жоғарғы лига «Алтын алқа» иегері- Мусабеков Адиль (5 сынып);
IX Халықаралық пән олимпиадасы  УРФОДУ жоғарғы лига- 9 оқушы өтіп,  жеңімпаз атанып, бірінші дәрежелі дипломымен мапапатталды.
ҰБТ  нәтижесі - 15,6 ұпай, сапасы 67%;
11 «А» сынып 15 оқушының барлығы 100 % жоғары оқу орындарына түсті, оның ішінде 8 оқушы грантпен түсті. ( 2012 ж);
2016 жыл. «Алтын белгі» иегерлері Тельманова Жансая, Қожабеков Қажымұрат;
«Үздік аттестат» иегері Кенжебекова Камшат. ҰБТ  нәтижесі-15  ұпай,  сапасы  71%;

11 «А» сынып 17 оқушының барлығы 100 % жоғары оқу орындарына түсті, оның ішінде 6 оқушы грантпен түсті. 76 % оқушы техникалық мамандық таңдады. «Үздік куәлік» иегерлері: Тұрдыбекова Назерке, Бекахамбетова Ақбота, Нарбатыров Төле.

Жетістіктері:

14.10.2016 ж. «Өрлеу» БАҰО Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ІV Халықаралық «Білім алушы аймақ – ересектердің өмір бойы білім алу әлеуетін дамыту» Форумында Презентациялық алаңшада «Халық әндерін насихаттау» тақырыбымен өз жобасын қорғады, Форумның жинағына мақаласы енгізілді.
04.11.2016 ж. ҚР Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА өткен Халықаралық конференциясы жинағында «Ыбырай Алтынсарин және балалар әдебиеті» мақаласы жарияланды.
Жұмыс тәжірибесін жалпылау: «Математика сабағында оқытудың тиімді тәсілдерін   пайдалану - оқушылардың функционалдық  сауаттылығын қалыптастыру негізі» тақырыбына іс-тәжірибесі Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ облыстық Сараптама кеңесінің талқысына ұсынылды, 2016 жыл. 
Сараптау кеңесінін талқысына «Оқушылардың білімін қашықтықтан тексерудің онтайлы тәсілі (Socrative онлайн жүйесі арқылы)» атты авторлық бағдарлама ұсынды. 2014 жылдың 24 қарашадағы № 10 хаттама.

Қатысқан байқаулары:

III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Тақырыбы: «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер», (Астана қаласы. 2016 ж мамыр);
Республикалық пән мұғалімдеріне арналған олимпиада қатысушысы/ сертификат;

Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ ұйымдастыруымен ЖМБ бөлімінде «Білім беру кеңістігінде әдістемелік қызметтің ролі – функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты әдістемелік кеңесте қатысушысы. Атбасар қаласы, ақпан 2015 жыл;

Облыстық семинарда, Степногорск қ. 50 жылдығына арнап 9 сынып оқушыларымен  «Жарты ғасырға бес ондық қадам» атты сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді. 2014 ж;

Қалалық  директорлық семинарда  8 сыныпта  «Координата жазықтығындағы  көктем» атты ашық сабағы өткізілді. (2013ж наурыз )
Мұғалімдердің қалалық тамыз кеңесінде баяндама:«Жаңа оқу жылының басталуы туралы нормативті құжаттармен таныстыру»; 17 тамыз 2015 ж.
ҚӘБ отырысында: «2014-2015 оқу жылында математиканы оқытуды нормативті және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. Математикадан білім берудің сапасын арттырудың түйінді мәселелері және болашақ жоспарлары». 09.09.2014 жыл;

Математика пәнінің  мұғалімдерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы: «Оқушыларды қорытынды аттестаттау ВОУД  пен ҰБТ-ға сапалы дайындау – педагогтың негізгі міндетінің  бірі». 24.04.2015 ж.;

Қалалық білім бөлімінің отырысында: «2014-2015 оқу жылындағы  мониторинг   нәтижесі  -  12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу  жағдайындағы оқу сапасын арттыру құралы». 2015 ж.;

Степногорск қаласындағы математика пәні мұғалімдерінің  оқушыларды ҰБТ-ге дайындау бойынша «Тұлғалық-бағдарлы білімнің негізі – ҰБТ-ға дайындық» тақырыбында 1 жұмалық оқыту семинарын ұйымдастырып, өткізді. 2014,2015 ж.;

Басылымдары: Республикалық «Білім» журналының №1 нөміріне  Степногорск қаласының 50 жылдығына арнап өткізген «Жарты ғасырға бес ондық қадам» атты сыныптан тыс іс шарасы жарияланды. 2014 жыл;

ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА «Мектептегі математикалық білім беру жағдайы және оқыту сапасын жетілдіру жолдары» тақырыбында аналитикалық жинақта сабағы жарияланды. 6 қараша 2015 ж.