Меруерт Дымбаева-бапкер

Меруерт Дымбаева 1984 жылы 26 мамырда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген. Жағажай күресінен 2011-2013 жылдары, әлем чемпионы; 2012 жылы Мәскеудегі Бүкілресейлік ашық турнирінің қола жүлдегері; 2012 жылы Италияда өткен ФИЛА халықаралық турнирінің жеңімпазы; 2014 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жағажай күресімен қатар Меруерт еркін күреспен де айналысады. Бұл спорт түрінен ол азия чемпионатының күміс жүлдегері және 2 дүркін чемпионы. Ал ел біріншілігінен ол, әйелдер арасындағы еркін күрестен бірнеше мәрте Қазақстан чемпионатының чемпионы және жүлдегері.

Сонымен қатар, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.

Қазіргі таңда, күрес бойынша СДЮШОР-бапкер болып Қазақстанның жас буындарын жаттықтыруда.