Мирилияз МиркадировТүлкібас ауданының ауылшаруашылығы саласына жаңа технологияларды қолданысқа енгізіп, осы өңірдің дамуына үлкен үлес қосқан азамат.

Еңбек жолын Түлкібас ауданы Ауылшаруашылық басқармасында аға инженер инспектор ретінде бастаған Мирилияз Миркадиров Түлкібас ауданы Вознесеновка ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары, Түлкібас аудандық ауылшаруашылық басқармасында бас инженер-испектор, Түлкібас аудандық ауылшаруашылық басқармасының орынбасары қызметтерн атқарды. 1991-1992 жылдар аралығында Түлкібас ауданы әкімінің ауылшаруашылық саласы бойынша орынбасары,  Азаттық колхозының төрағасы, Түркістан ауданының әкімі, Түркістан қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары міндеттерін абыроймен атқарды.  

2010 жылдан бері «Мирдаулет» ШҚ төрағасы қызметінде. Түлкібас ауданының ауылшаруашылығы саласында жаңа технологияларды қолданысқа енгізіп, дамуына үлкен үлес қосты. 2007 жылы ҚР Ауылшаруалығы министрінің грамотасымен марапатталды. Бірнеше рет ОҚО әкімінің алғыс хаттарымен және ОҚО маслихаттының грамоталарымен марапатталған. Мирилияз Миркадиров – Түлкібас ауданының құрметті азаматы. Ол ауданда бой көтерген Тұрар Рысқұлов ескерткішінің салынуына демеушлік көрсетіп, үлес қосты.

Отбасында 3 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған ардақты әке, үлгілі жар.