Мырзан Кенжебай 1947 жылы 31 тамызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылында дүниеге келген.

Әр жылдарда «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Қазақ мемлекеті», «Аманат» газеттерінде тілші, республикалық «Қайнар» баспасында редактор, «Таң-Шолпан» журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарған. Қазір «Мәдениет» журналында редактор болып қызмет атқарады. Ақынның өлеңдері «Мерейлі мекен» ұжымдық жинағына енген. «Жоғалған өлең», «Жазым өтіп барады» жыр жинақтары жарық көрген.