Мухаббат Расулова – экскурсия жүргізушісі

1970 жылдың 16-желтоқсанында дүниеге келген. 2013 жылғы  Облыстық "Музейлер шеруі" байқауының экскурсия жүргізушілерінің бас жүлдегері, 2017 жылғы  Облыстық "Музейлер шеруі" байқауының экскурсия жүргізушілерінің 3-орын дипломының иегері. "Оңтүстік Қазақстан киелі жерлері" байқауының 3-орын дипломының иегері. Облыстық мәдениет басқармасы басшысының "Алғыс хатының" иегері. Бірнеше аудандық, облыстық байқауларының жеңімпазы. Сондай-ақ тарихи жәдігерлерді дәріптейтін, наисхаттайтын бірнеше мақалалар жазған. Ол туындылары облыстық, республикалық басылымдарда жарыққа шыққан.

Мухаббат Расулова – өз ісінің нағыз шебері.