Құрақ Мұхамедәли Ағменұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қосағаш елді-мекенінде 2005 жылдың 19 тамызында дүниеге келген.

2016 жылдың 31 наурыз күні толассыз жауған жаңбырдан соң ауылдағы Қаржан  өзені маңында ойнап жүрген 3 жастағы бүлдіршін суға ағып кеткен болатын. Сол сәтте мектеп оқушысы Мұхамедәли еш ойланбастан суға түсіп, бүлдіршінді жағаға алып шығып қана қоймай, демсіз қалған оған алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Жұрек тұсына массаж жасаған ол мұндай көмек көрсетуді кинодан көрген екен. 

Марапаттары:

Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Құрмет грамотасы,

Қазығұрт ауданы әкімінің «Алғыс хаты»,

«Қазақстан» және «Хабар» телеагенттіктерінің  Грамоталары бар.

"Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.