Мұхамеджан Назарбеков-құтқарушы

Сүңгуір, альпинист және жарғыш техник-бас құтқарушы Мұхамеджан, 2001 жылдан  бастап құтқарушы болып жұмыс істейді. Әр түрлі климаттық жағдайларда іздеу жұмыстарын жасай алады. Мұхамеджан жұмыс барысында бірнеше рет адам өмірін құтқарып қалған. М.Назарбеков үнемі жаттығу жұмыстарымен айналысады. Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету әдістерін жетік білуі, бұл төтенше жағдай кезінде зардап шегушілердің өмірін сақтауға көмектеседі. Қарапайым және  еңбекқор сүңгүір-құтқарушы өзінің батыл әрекеттері туралы айтқанды ұнатпайды, өйткені ол әр құтқарушы батыл, ымырасыз, жоғары серпінді  және адам өмірін құтқару кезінде өз борышын орындауда белгілі бір қасиеттерге ие болу керек деп санайды. Құтқарушы-сүңгуірлердің, оның ішінде Мұхамеджан Назарбековтің жедел, жанқиярлық және үйлесімді жұмысының арқасында, көптеген суға батып бара жатқан адамдарды аман қалдырды.

Жанұясына деген махабаты, отбасы, еңбек ұжымы және ел алдындағы   борыштық сезімі оны сөз жүзінде емес, істе де ерлік пен батылдыққа дағдылануға мәжбүрлейді. Әкесінің күнделікті өмірде отансүйгіштігін көрсетуі оның балаларына үлкен әсер қалдырады. Балаларда құтқарушы жұмысына махаббаты және Отан алдындағы борышын тәрбиелеу мақсатында Мұхамеджан жұмыстан келгенде балаларына, адам өмірін қалай құтқарғандығы, көмекке мұқтаж адамдарға көмектескендігі туралы қызықтырып айтып береді. 

Жұмыстағы қажырлы еңбегі мен адалдығы үшін, 2005 және 2007-2008 жылдары Жамбыл облысында қысқы кезеңде  ТЖ салдарын жоюға белсенді қатысқан  үшін  «1-класс құтқарушысы» атағына ие болды.

Құтқарушыға лайықты үздік қасиеттері үшін 2006-2007 жылдары «Казспас халықаралық жиынына», 2012-2013 жылдары «Нептун» оқу-жаттығу жарыстарына қатысты. Мұхамеджан Назарбеков әрқашан шыдамдылық пен тәртіпті сақтай біледі. Осылайша, 2013 жылы жеке құраммен Шығыс-Қазақстан облысында, 2015 жылы  Қарағанды облысында, 2014 жылы  және 2016 жылы Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайын болдырмауға қатысқан.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің айбынды жетістіктері үшін төсбелгісімен марапатталды. 2016 жылы ҚР ІІМ ТЖК–ның 20-жылдығы медалімен марапатталды. Кәсібилігі үшін әріптестері оны «амфибия адам» деп қалжыңдайды.