Мұхаметжан Бекбергенұлы – кәсіпкер. Ол басқаратын «Мегаполис» қонақ үйі – қалада ең үздік бәсекеге қабілетті қонақ үйлердің бірі болып табылады.  

Шымшаһардағы «Food Supplies» ЖШС атынан ашылған «Мегаполис» қонақ үйі 2015 жылдан бері қала қонақтарына қызмет көрсетіп келеді. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, қонақ үй жұмысы тұрақты табыс әкелуде. Жалпы қонақ үй бизнесі жоғары капиталды талап етеді. Осы бәсекелестікке төтеп беріп, бизнес ашудағы мол тәжірибесінің  арқасында Мұхаметжан Бекбергенұлы қонақ үй бизнесі саласындағы айтарлықтай жетістіктерге жете білді. Қонақ үй индустриясында көшбасшылық танытып, өңірдің экономикасын дамытуға аз да болсын үлесін қосуда. Шымкент тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

Компанияның негізгі мақсаттары – республиканың басқа қалаларында жаңа филиалдар ашып,  кеңселерді кеңейту және өз саласында  көшбасшы болу.