Мұханбетқұл Сабыров – өз өңірінің дамуына үлес қосып жүрген қоғам белсендісі.   

Сабыров Мұханбетқұл 1951 жылы 5 қарашада Қылышбай  ауылында дүниеге келген Білімі жоғары. Алматы мал-дәрігерлік зоотехникалық институтын 1973 жылы бітірген. Мамандығы зоотехник. 1973-1975 жылдары Көкшетау облысы Куйбышев ауданында аудандық әскери комиссарының көмекшісі болып жұмыс істеген. 1975 жылдан бастап ауданның шаруашылық, комсомол – совет, партия және 1994 жылдың қаңтар айында Биназар ауылының әкімінен бастап, аудан әкімшілігінің аппаратында ауылшаруашылық бөлімінің бөлім бастығы, ауылшаруашылық басқарма басшысының орынбасары, Қылышбай ауылының әкімі, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы және әр түрлі әкімшілік жұмыстарын істеді. М.Сабыров мемлекеттік органның құзыретіне жататын стратегиялық және бағдарламалық маңызы бар құжаттармен жұмыс істеу қабілеті жоғары және бейімделе біледі. Өзіне жүктелген міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.

М.Сабыров өзінің білімін жетілдіру мақсатында мемлекеттік қызметте болған жылдары әр түрлі білім жетілдіру курстарында оқыды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, Жарлықтарын, Қаулылар мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінің орындалуын қамтамасыз етіп отырды. Қызмет істеген жылдары үнемі  келіп түскен тапсырмалар мен орындалуға тиісті іс-қағаздардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді. Аудан  көлемінде  тұрғындарның арасында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының халқына жолдауларын, насихаттауда үлкен ұйымдастырушылық танытып, тиісті жұмыстарды жүргізді.

М. Сабыров тапсырған іске үнемі жауапкершілікпен қарайды, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Қызметтес жолдастарының және аудан активінің арасында беделді. Талапшыл Өз жұмысына мұқиятты, сауатты, білгір. Көпшілік, жора-жолдастары арасында сыйлы. Осындай көп жылдық атқарған еңбегі бағаланып 2008 жылы Мойынқұм ауданы бойынша «Үздік мемлекеттік қызметші» конкурсын ұйымдастыру комиссиясының 5 қыркүйек 2008 жылғы шешімімен «Үздік мемлекеттік қызметші» атағын жеңіп алды. Көптеген құрмет грамоталы мен алғыс хаттардың иесі.

Мойынқұм ауданының «Құрметті Азаматы».