Мұқағали Кенжетайұлы – жас ақын

Ол 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Қаратас ауылында дүниеге келген. Нағашбек Арапов орта мектебінде, Алматы қаласындағы Абай атындағы РММИ да білім алған. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы ОҚМУ де «Режиссура және актерлік өнер» кафедрасын  тәмамдаған

Халықаралық «Кіл жүйрікте –кім жүйрік» өнер бәйгесінің 1 орын иегері, Республикалық «Мен жастарға сенемін»  І орын, облыстық «Шабытыма арқау болған-25», «Сен жанбасаң лапылдап»  жыр мүшәйраларының бас бәйгесінің жүлдегері.  Республика көлеміне танымал, жас оқырмандардың улкен сұранысына ие  талантты жас ақын. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы лирикалық және отансүйгіштік бағыттағы жас ақын ауыл өмірін тереңінен толғайды.  Сондай-ақ, эстрада жанрында айтылып жүрген бірнеше хит әндердің авторы.