Мукарам Сайдакимқызы – «Астана Балет» театры» ЖШС-нің бас балетмейстері

Ол 1983 жылдың 22 қарашасында дүниеге келген. Ол А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі, өнертану магистры. Санкт-Петербург мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

2003-2013 жж. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының балет әртісі. Сонымен қатар Мукарам Авахри  хореограф ретінде Қ.Қожамьяров атындағы Республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрымен белсенді ынтымақтастықта болып, концерттік бағдарламаларға түрлі хореографиялық қойылымдар жасады. 2014 жылдан бастап «Астана Балет» театрының бас режиссері. Режиссер-хореограф ретінде бір актілі «Жусан», «Кармен», «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, көзбен көр де ішпен біл…»  атты балеттерін және «Жанай сезім»,  «Скиф фрескалары», «Қыз Жібек», «Тұтылу» хореографиялық миниатюраларын қойды. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегері.