Мұрат Аяғанов-журналист

Мұрат Аяғанов 1984 жылы 18 қыркүйекте павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Студенттік кезінен ұшқыр ойы мен тіл байлығымен ұстаздарын тәмсандырған ол, қазіргі таңда Павлодар облыстық «Сарыарқа Самалы» газетінің бас редакторының орынбасары.

Оның журналистік кәсіпқойлығын сырт қалдырмаған Қазақстанның Журналистер одағы дипломмен, Мәдениет және ақпарат министрлігі Құрмет грамотасымен, Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, С.Торайғыров атындағы облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Шабыт» халықаралық фестиваліне қатысқаны үшін, «Павлодар облысына 75 жыл» медальі мен, «Ішкі әскердің құрамы 25 жыл», сынды облыс әкімінің марапаттарына ие болды.