Мұратбек Әмірбекұлы 1956 жылы 15-ші шілдеде ОҚО, Мақтарал ауданында дүниеге келген.

Ұлты қазақ. Отбасылы, жұбайы Жанибекова Лэйла ауданға белгілі адвокат, үш ұлы - келіндері  мен  6 немересі бар. Жыл сайын облыс, аудан көлемінде аз қамтамасыз етілген отбасылар мен зағиптық, ардагерлердің қоғамдық ұйымдарына демеушілік жасап, ауданда өткізілетін мерекелік іс-шараларға қомақты жәрдемін көрсетіп отырады. Көп балалы, жалғызбасты Достық ауылының тұрғыны Анарға 5 бөлмелі жеке тұрғын үй сатып әперді. «ҰЛТ  ДАҢҚЫ» ордені,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10-жыл және 20-жылдық мерекелік медальдерінің иегері.«Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісімен марапатталған.Кәсіпкер